Байқоңыр кешеніне келетін қонақтарға арнап туристік аймақ жасалады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтың төрағалығымен өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев кәсіпкерлерге 20 млн теңгеге дейін несие берілетінін атап өтті.

Сервистік қызметті дамыту мақсатында Байқоңыр кешеніне келген қонақтарға арнап Төретам кентіндегі Елшібай стансасында 5 га аумақты қамтитын туристік зона жасау қарастырылуда. Қазірдің өзінде 1 инвестор 300 млн теңгенің 2,5 га жерге конақ үй кешені, сервисті техникалық орталығы, мини-кафе және жанармай бекетін салуда.

Сонымен қатар, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан жергілікті туристік фирма «Этноауыл» жобасын ұсынды. Этноауылда туристерге ұлттық салт-дәстүрлердің барлық түрлері көрсетілетін бірнеше киіз үйден тұрады. Әрі қарай, Қамыстыбас көлінің туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жағалауға сэндвич-панельдерден тұрғын үйлер салынуда. Әр үй 24 шаршы метрді құрайды, оның ішінде заманауи жуынатын бөлме, жатын бөлме және ас үй қарастырылған, - деді Ж.Матаев.
Өткен жылдың статистикалық мәліметтеріне сәйкес Қамыстыбас демалыс аймағына 70 мың демалушы барған, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп.

Соңғы жаңалықтар