Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

2017 жылғы 13 маусым 11:41 178
Бөлісіңіз:
Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жаңа басшысы Константин Бусыгинді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Константин Бусыгин 1965 жылдың 11 желтоқсан күні Ташкент қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын заңгер-халықаралық құқық маманы, «РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясы» жоғары кәсіби білім беру федералды мемлекеттік мекемесін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Мәскеу қаласындағы Солнцево басқарма басшысы, «Ижмаш» ҮЕҰ бас директоры, Мемлекеттік шекараны орнықтыру бойынша федералды агенттіктің басшысы болып жұмыс істеген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, КАЗМЕДИА,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT