Байқоңыр іргесі қаланғанына 63 жыл толуын атап өтіп жатыр

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы бүгін іргетасының қаланғанына 63 жыл толуын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпраат тілшісі.

Байқоңыр - жиырмаға жуық мерекені атап өтетін әлемдегі аз қалалардың бірі. Себебі, ондағы халық Қазақстанның да, Ресейдің де айтулы мейрамдарын, кеңес ғарыш саласының тарихи даталарын назардан тыс қалдырмайды. Солардың бірі - Байқоңырдың туған күні.

1955 жылдың 2 маусымында КСРО Министрлер кеңесі Бас штабының нұсқауымен №5 (Байқоңыр ғарыш айлағы) ғылыми-зерттеу әрі сынақ полигонының ұйымдық-штаттық құрылымы бекітілді. Одан кейін дәл осы күн тарих парақшаларына Байқоңыр ғарыш айлағының іргесінің қаланғаны күні ретінде енгізілді.

Бүгін Байқоңыр атаулы күнді жаңартылған демалыс аумағында көптеген спорттық шаралармен атап өтті.

Негізгі мерекелік шаралар бүгін қаланың басты алаңында ұйымдастырылады. Ол жерде Байқоңырдың ең үздік отбасы кім екені анықталып, ірі мерекелік концерт өтеді. Концерт соңында отшашу болады.

Дәстүр бойынша қала күнін тойлау кезінде «Байқоңыр қаласының Құрметті азаматы» атағы беріледі. Биыл дәл осы тізімді «Байқоңыр» ғарыш кешеніне еңбегі сіңген, КСРО Қарулы күштерінің ардагері, ғарыш айлағын еңбек сіңірген сынақшысы, Байқоңырдың іргесінің қалауына үлес қосқан Юрий Лукьянов пен Байқоңыр қаласының әрі «Байқоңырэнерго» кәсіпорының ардагері Нина Владимирцева толықтырды.
null

Юрий Лукьянов Байқоңыр ғарыш айлағында 1968 жылдан бері әйгілі «Гагарин стартында» қызмет етіп келеді. Өз өмірінде зымыран-ғарыштық кешенінде 150 ұшу сапарын жүзеге асыруға қатысқан.

Нина Владимирцева бұрынғы қалалық ЖЭС - қазіргі «Байқоңырэнерго» кәсіпорнында 1957 жылдан, яғни шамамен қаланың іргесі қаланғанынан бастап еңбек етіп келеді. Жұмыстан бірнеше жыл бұрын шыққан. Қазір жасы сексенде. 

«Байқоңырдың Құрметті азаматы» лентасы мен куәлігін иелерлерге Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин табыс етті.

nullnull

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар