«Байқоңыр» ғарыш айлағының мәртебесін ауыстыру тиімді болады - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Байқоңыр» ғарыш айлағының мәртебесін әскериден азаматтыққа ауыстыру мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскерилерді толықтай шығару Ресей Федерациясында қарастырылып жатыр. Әзірге, аталған мәселе бойынша нақты екіжақты келіссөздерді жүргізген жоқпыз. Алайда бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», - деді Бейбіт Атамқұлов Мәжілісте тілшілерге берген жауабында.

Министрдің атап өтуінше, ғарыш айлағының мәртебесін азаматтық деңгейге ауыстырудың өзіндік оңтайлы тұстары бар.

«Себебі ашық коммерциялық жобаларды тарту мүмкіндігі ашылады. Бүгінде коммерциялық сала әлемде айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Бұл тұрғыда аппараттарды ұшыруға қажеттілік бар. Өткен жолы айтқанымдай, әлемде 1 000 мыңнан астам спутник ұшыру қызметтерін күтіп тұр», - деп түсіндірді Атамқұлов.

Соңғы жаңалықтар