Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-17» кемесі сәтті ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:45 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-17» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1 а» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Союз МС-17» ғарыш кемесі дәл белгіленген уақытта ұшырылды және процесс штаттық режимде өтті.
Тікелей репортаж жүргізушісінің айтуынша, зымыран тасығыш сатыларының жоспарлы бөлінуінен кейін ғарыш кемесі Жердің жасанды серігінің орбитасына шығарылған.
Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) құрамында «Союз МС-17» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Рыжиков, №1 бортинженер, Роскосмос ғарышкері Сергей Кудь-Сверчков және №2 бортинженер, NASA астронавты Кэтлин Рубинс бар 64-ші ұзақмерзімді экспедиция (МК-64) аттанды.
«Союз МС-17» кемесінің ХҒС-пен түйісуі тікелей эфирде көрсетіледі және ұшырылғаннан кейін үш сағат өткен соң Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 сағат 52 минутта өтеді.
- Қызылордада жүйке ауруына шалдыққан азамат аязды күні адасып кеткен
- Вакциналау: Қызылорда облысының дайындығы қандай
- Қызылорда облысында екі контейнер өртеніп үш адамды күйік шалды
- Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы екпе егу ақпан айында басталады
-
Мемлекет басшысы Қызылорда өңірінің басшысынан құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам