«Байқоңыр» ауданының әкімі ауданды дамыту ісіне тұрғындарды да тартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Қаналимов елорда тұрғындарын жаңа ауданды қалыптастыру ісіне атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті «Байқоңыр» ауданының тұрғындары! Ауданымыздың даму бағдарламасын дайындау ісіне Сіздерді белсенді атсалысуға шақырамын. Осы жарияланып отырған мәтіннің астына өздеріңіздің ауданды жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды жаза отырып, мәселенің түсінікті болуын, нақты ұсыныстардың енгізілуін және мүмкіндігіңізше кері байланысқа қажетті ақпаратты немесе электронды поштаңызды қалдыруыңызды өтінемін. Ұсыныстар үстіміздегі жылдың 25-ші сәуіріне дейін жиналатын болады. Бірлесе отырып, біз ауданымызда өмір сүру жағдайларын жақсартып және оны одан да жайлы ете аламыз. Сіздің көмегіңіз бен креативті ойларыңызға зор үмітім бар! Ізгі ниетпен, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов»,-деп жазды аудан басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, ақпан айының соңында елордада пайда болған жаңа ауданның шекарасы бекітілген болатын. Оның көлемі 18 мың гектар жерді алып жатыр, ал тұрғындарының саны 200 мың адам. 

29 наурызда Ерлан Қаналимов Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар