Байқоңыр 2016 жылғы алғашқы ұшырылымға дайын (ФОТО)

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында 2016 жылы ғарышқа бірінші ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып жатыр.

М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы (МҒҒӨО) баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін таңертең Eutelsat-9B ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М» ғарыштық зымыран (ҒЗ) монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші алаңының старттық кешеніне жеткізілді.

ҒЗ-ды тік қалпына орнатудан кейін, Роскосмос кәсіпорындарының мамандары бірінші старт күнінің кестесі бойынша жұмыстарға кірісті. Eutelsat-9B ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М» ғарыштық зымыранды ұшыру 2016 жылдың 30 қаңтарына, Астана уақытымен сағат 04:20-ға жоспарланған. Ұшыру Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші алаңынан жүзеге асырылады.

Бұл ұшыру арқылы Роскосмос 2016 жылы Байқоңырдан ұшырулар бағдарламасын ашпақ.
null null null

Соңғы жаңалықтар