Байкердің өліміне кінәлі қостанайлық шартты түрде сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда мотоциклшінің өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі сот залынан.

Еске салсақ, 2017 жылғы 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының Абай даңғылында Infiniti мен Peugeot көліктері соқтығысып, олардың бірі мотоциклге барып соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, мотоцикл жарамсыз болып қалған. Ал 32 жастағы кәсіби байкер Евгений Пасечник оқиға орнында көз жұмды.

Аталған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергелу барысын процессуалдық прокурор өз бақылауына алған. Сотта өткен жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Infiniti көлігінің жүргізушісі Юлия Вильчукті  4 жылға бас бостандығынан айыруды және 5 жыл көлік жүргізу құқығынан шеттетуді сұрады.

Сот отырысында Юлия Вильчук өз кінәсін толықтай мойындады. Бірақ, оның сөзінше, жол-көлік оқиғасына басқа да көлік жүргізушілері кінәлі.

Сот үкімімен Ю. Вильчук шартты түрде 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, 4 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Сотталушыға пробациялық бақылау орнатылды.

Соңғы жаңалықтар