Байқаушылар СҚО сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Әйелдер күштерінің Альянсы» ҚБ, «СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ, «Рух. Тіл» ҚБ, Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдерінің байқаушылары Петропавл қаласының аумағындағы сайлау учаскелерінде болып, 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына учаскелердің дайындығымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста байқаушылармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысы алдағы сайлау мәселелері бойынша оқытудан өтті. Оқыту «СҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ-де ұйымдастырылды.

Барлық байқаушыларға әдістемелік материалдар (блокнот, бақылаушының жадынамасы, бақылаушының құқықтары мен міндеттері) берілді.

Бұл жұмыстың басты міндеті – дауыс беру, қорытынды шығару рәсімін қадағалаушылар институтын қалыптастыру, сайлау барысына азаматтық қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.


Соңғы жаңалықтар