Байқаушылар өз жұмыстарын кәсіби түрде орындады – халықаралық сарапшы

2023 жылғы 19 наурыз, 23:34
Байқаушылар өз жұмыстарын кәсіби түрде орындады – халықаралық сарапшы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанға халықаралық байқаушы ретінде келген Астрахань облысының (РФ) Губернатор әкімшілігінің ішкі саясат басқармасы басшысының бірінші орынбасары Андрей Сызранов өз бағасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы сайлау науқаны барысында Алматы қаласының жетіден астам учаскесінде болғанын айтты.

«Мен ешқандай заң бұзушылықтар байқамадым. Халықтың ықыласы жақсы болды. Байқаушылар артық қимылсыз өз жұмыстарын кәсіби түрде орындады», - деді спикер.

Сондай-ақ ол екі елдің де сайлау барысы ұқсас екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar