Байқаудың үшінші кезеңінде Димаштың әлеуетті қарсыласы пайда болды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан қытайлық Хунан телеарнасының «Singer2017» ән байқауы үшінші кезеңі эфирде көрсетілді.

Бірінші және екінші кезеңнің қорытындысы бойынша отандасымыз бірінші орынды иеленсе, сингапурлық танымал әнші жарыс жолынан шығып қалған болатын. Жоба талаптарына сәйкес үшінші кезеңге қытайлық жұлдыз Чжан Цзе және Чжао Лэй қосылды.

Үшінші кезеңді Димаш үздік үштікпен қорытындылады. Жерлесіміз Queen тобының репертуарынан «Show most go on» әнін шырқады. Ал екінші кезеңде жақсы өнер көрсеткен қытайлық әнші Тан Цзин бұл кезеңде бас жүлдені жеңіп алды.


 

Айта кетерлігі, Тан Цзин Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында ән шырқаған.
 

Ал, Чжан Цзе Қытайдағы супер жұлдыздардың бірі саналады. Көптеген ән байқауының жеңімпазы, сондай - ақ, осы уақытқа дейін 12 дана жеке ән альбомы шығарылған. Ол - Қытайдан сырт елдерде жеке концерт берген санаулы қытайлық әншінің бірі. Әншінің Sina Weibo (Туиттердің баламасы) микроблогына жазылушылардың саны 41 миллионан асып кеткен. Ал қытайларға енді ғана танымал болған отандасымыз Димаштың Sina Weibo микроблогына 1 миллион 450 мың пайдаланушы тіркелген.
 

Еске сала кетсек, Singer 2017 байқауының іріктеу кезеңі жалпы 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлім екі кезеңге бөлініп, жалпы 10 іріктеу кезеңі өткізіледі. Әр кезеңде бір қатысушы жарыс жолынан шығарылып отырады.

Соңғы жаңалықтар