Байқал көліне батып кеткен ұшақтың апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куәгерлердің Twin Bee 2335G гидроұшағының әуеге көтеріле берген кезінде апатқа ұшыраған сәтін түсірген  видео youtube-те жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен дүйсенбі, 13 тамыз күні кешқұрым әуе кемесі Байқалдағы Ольхон аралы маңында әуеге көтерілуге тырысқан.

Бейнероликтің кадрларынан ұшақ жылдамдық арттыру барысында қиындықтарға душар болғанын көруге болады. Әуе кемесі бір бүйіріне аударылып, суға батып кеткен.

Алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, ұшақты басқарып келе жатқан ер адамның ұшуға рұқсаты болмаған.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар