+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Бәйдібекте тұрмысы төмен 300 отбасына азық-түлік таратылып жатыр

2020 жылғы 10 сәуір 07:33
Бөлісіңіз:
Бәйдібекте тұрмысы төмен 300 отбасына азық-түлік таратылып жатыр

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте Түркістан облысындағы кәсіпкерлер көпбалалы және мұқтаж отбасыларға көмек қолын созуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО дүкендеріндегі азық-түліктің 65 пайызы - отандық өнім Ақтөбеде 5 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алады

Бәйдібек ауданында жергілікті кәсіпкерлер Ғабиден Қапалбаев пен Бақытбек Нақыпбеков елді мекендерде тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен өмірлік қиын жағдайдағы 300 отбасына азық-түлік үлестіруде.

Аталған кәсіпкерлер аудан орталығындағы қоймаға 300 отбасыға арнап 17,5 тонна ұн, 1,75 тонна күріш, 1,75 тонна өсімдік майын жеткізіп берген. Бұл азық-түліктер кезең-кезеңімен тұрмысы төмен жанұяларға үлестіріледі.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейіржан Беріков кәсіпкерлердің демеушілігімен бөлінген азық-түлікті әзірге Ақбастау ауылдық округіндегі 30, Боралдай ауылдық округіндегі 36 отбасына таратып берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT