Бәйдібек ауданының жетістігі жайлы кітап жарық көрді

None
None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жаңа кітап жарық көрді. «Ширек ғасыр шежіресі» атты кітапта аудандық мәслихат депутаттарының ел алдындағы қызметі мен елге сіңірген еңбектері туралы жан-жақты мәлімет берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа кітаптың тұсаукесеріне арналған жиын аудандық әкімдікте өтті. Оған аудандық мәслихаттың 25 жылдығына арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Басқосуда аудан әкімі Бақытбек Танагөзов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, депутат Бағдат Қалаубай мен Қазақстанның құрметті журналисі Серікбай Тұржан қатысты.

Салтанатты шара барысында аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаттары Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалімен марапатталды.

Айта кетейік, жаңадан жарық көрген кітапта еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, аудан әкімі Бақытбек Танагөзов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Мұқадас Нақыпбековтің алғы сөздері берілген. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген жинақта ширек ғасырда атқарылған жұмыстар жайлы жан жақты жазылған.

Соңғы жаңалықтар