+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды

2020 жылғы 23 қараша 04:00
Бөлісіңіз:
Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды

БӘЙДІБЕК.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы: Абылай ханның арманын орындап жатырмыз Ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін бе – Назарбаевтың жауабы Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды тарихымызды паш ететін орталық ретінде қалдыруымыз керек

Жергілікті кәсіпкер Кеңес ауылындағы Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебіне жалпы құны 13 млн 400 мың теңге тұратын заманауи оқу-құрал жабдықтарын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық пәндер бағдарламасын қамтыған, интернет байланысын қажет етпейтін заманауи құрылғылар оқушыларға үш тілде білім алуға мүмкіндік береді. Қазір екі «BILIMBook» тақтасы, елу компьютер, бес принтерден тұратын жабдықтар мектептің 4 оқу кабинетіне орналастырылып, алдағы уақытта оқушылардың игілігіне пайдаланылмақ.

Өңірдегі мектептердің ішінде алғашқы болып орналастырылып отырған «BILIMBook» тақтасының мүмкіндігі ерекше. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларға да бұл заманауи тақтаның көмегі тиері сөзсіз.

Мектеп ұстаздарының айтуынша, мұндай жабдықтар тіпті республикадағы мектептерде де табыла бермейді.

Атап өтейік, кәсіпкер Мэлс Ешмұратовтың игі істері мұнымен шектелмейді. Ол жуырда ғана ауыл жастарына арнап құны 15 млн тұратын спорт кешенін салып берген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT