Бәйдібек ауданында пробация үйі ашылды

None
None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында пробация үйі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Мырзакерім мен аудандық пробация қызметінің топ басшысы Т.Жұмабеков, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры мен аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, мекеме басшылары мен мамандары қатысты.

Пробация үйінде бұрын сотталған азаматтар үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім, спорт, кәсіпкерлік, көші-қон полициясы, денсаулық сақтау және қылмыстық атқару жүйесінің аудандағы бөлімдерінің заңгерлері мен мамандары қажеттіліге қарай әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін болады.

Сонымен қатар, пробациялық есепте тұрған азаматтар өздеріне керек көмек түрлері бойынша еңбекке орналасу, мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де көмек түрлерін ала алады. Аталған орталықтың мамандары бүгіннен бастап-ақ тіркеуде тұрған бірқатар азаматтарға құқықтық кеңестерін берді.

Соңғы жаңалықтар