+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Бәйдібек ауданында құдалыққа келген қонақ 3 жасар баласын жоғалтып алған

2019 жылғы 9 тамыз 11:20
Бөлісіңіз:
Бәйдібек ауданында құдалыққа келген қонақ 3 жасар баласын жоғалтып алған

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Бәйдібек ауданында полицейлер адасып қалған баланы ата-анасына табыстады. 3 жасар бүлдіршін көшеде жылап жүрген жерінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында ұрланған 3 жасар бала өлі табылды Жоғалып кеткен 1-сынып оқушысы табылды Сарыағашта полиция тауып алған балалар: «Әкемізді іздеп жүрміз»

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан орталығында жергілікті тұрғындардың бірі адасып қалған кішкентай ұл баланы полицияға ертіп келген. Ол бүлдіршінді пошта мекемесінің жанынан тауып алғанын жеткізген. Тәртіп сақшылары баламен тілдеспекші болғанмен, ол әлі сөйлей алмайды екен.

Полицейлер бүлдіршіннің ата-анасын іздестіру мақсатында жедел іс-шараларды жүргізді. Алайда ешкім баланы іздемеген. Осылайша бала тәртіп сақшыларының қасында 2 сағаттай болды. Тек содан кейін ғана аудандық полиция бөліміне баланы әкесі іздеп келген. Перзентінің дін аман екенін көрген ата-ана тәртіп сақшыларына алғысын айтады.

«Шымкент қаласынан құдалыққа қыдырып келген едік. Абыр-сабырда баламыздың сыртқа шыққанын да байқамаппыз. Баламның «сиыр, сиыр» деп жүргенін білемін. Сөйтсем, балам сол сиырмен бірге көшеге шығып кеткен екен. Ең бастысы, балапаным аман-сау. Полицейлердің кішкентайыма қорған болғанына ризашылығым зор. Рахмет сіздерге!», деді бүлдіршіннің әкесі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT