Бәйдібек ауданында алтын құрсақты аналар марапатталды
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ақ жаулықты аналар ел демографиясына өздерінің үлестерін қосып келеді. Осы орайда Бәйдібек ауданындағы ақ жаулықты 17 ана Президент Жарлығымен марапатқа ие болып, алтын және күміс алқа тағынды.
Салтанатты марапатау рәсімінде аудан басшысы көпбалалы аналарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекеттің жасап отырған қамқорлығына тоқталды.
«Көпбалалы аналар – мемлекеттің алтын діңгегі. Елімізде көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан қамқорлық бүгінде жыл санап артып келеді. Президент өткен жылы әлеуметтік жәрдемақыны жаңа форматта беруді ұсынып, осы жылдың қаңтар айынан бастап төленуде. Алтын құрсақты аналарға деген қамқорлық әлі де жалғасатын болады» ,- деді Бағдатбек Жанғазиев.