Байден супермаркеттегі шабуыл кезінде мерт болғандардың жақындарымен кездеспек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Джо Байден сенбі күні атыс болған Нью-Йорктегі Буффалоға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Сапар барысында Байден атыс құрбандарының туыстары және жақындарымен кездеспекші.

Полицияның хабарлауынша, 18 жастағы ақ нәсілді америкалық Пейтон Гендрон сенбі күні Буффало қаласындағы супермаркетке келушілерге оқ жаудырған. Нәтижесінде 10 адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Күдікті полицияға тапсырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қара нәсілділерге оқ атқан. Билік бұл нәсілдік төзімсіздік негізінде жасалған қылмыс деп есептейді. Тергеушілердің айтуынша, Гендрон қаруды заңды түрде алған.



Соңғы жаңалықтар