Байден мен өкілдер палатасының спикері АҚШ мемлекеттік қарызының шегіне қатысты келісімге келді

None
Фото: Drew Angerer/Getty Images
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Джо Байден тұлғасында Ақ үй мен Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти Америка мемлекеттік қарызының деңгейін көтеріп, дефолттың алдын алуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтемемен.

Мәміленің мән-жайы әзірге жария етілмеді.

АҚШ қаржы министрлігі бұған дейін елдің 5 маусымда шоттарын төлеу үшін мәмілесіз ақша таусылатынын ескерткен болатын.

«Ең соңғы деректерге сүйене отырып, біз қазір Конгресс мемлекеттік қарыздың шегін 5 маусымға дейін көтермесе немесе тоқтатпаса, қазынашылықта Үкіметтің міндеттемелерін орындау үшін ресурстар жеткіліксіз болады деп бағалаймыз», — деп жазды Йеллен Конгреске жазған хатында.

Мәміле президент Джо Байден мен Республикалық Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти бұл мәселені телефон арқылы талқылағаннан кейін көп ұзамай жасалды. Екі саясаткер бұған дейін мәмілеге қол жеткізетініне сенімді екенін айтқан болатын.

«Бірнеше апталық келіссөздерден кейін біз түбегейлі келісімге келдік. Бізде әлі де көп жұмыс бар», - деді Маккарти журналистерге берген қысқаша мәлімдемесінде.

Тараптар қол жеткізген кез келген мәмілені АҚШ Конгресі қабылдауы керек.


Соңғы жаңалықтар