Байден киберқауіпсіздікке басымдылық берілетінін айтты

None
None
ВАШИНГТОН – НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – АҚШ-тың сайланған, бірақ әлі қызметіне кіріспеген президенті Джо Байден үкіметтік мекемелерге және жеке компанияларға жасалған үлкен кибершабуылдар туралы хабарламалар аясында киберқауіпсіздікті «басты басымдық» етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

«Біз әлі көп нәрсені білмейміз, дегенмен қазір үлкен алаңдаушылық туып отыр», – деді Байден өз мәлімдемесінде.

«Анықтап айтар болсам, әкімшілігім киберқауіпсіздікті үкіметтің барлық деңгейлеріндегі басты басымдыққа айналдырады. Біз бұл заң бұзушылыққа қарсы күресті қызметке кіріскеннен сәттен басты басымдыққа айналдырамыз», – деді ол.

Бейсенбі күні Киберқауіпсіздік және инфрақұрылым қауіпсіздігі агенттігі кибершабуылдарды федералды, штаттық және жергілікті үкіметтер үшін, сондай-ақ маңызды инфрақұрылым нысандары мен жеке сектор үшін «үлкен қауіп» екендігі мәлімдеген болатын. Агенттік хакерлер желілерге ерекше ептілікпен бұзып кірген және оларды шығару өте қиын болады деп мәлімдеді.

Желіге енудің осал тұсы SolarWinds Corp компаниясының Orion бағдарламалық жасақтамасы болған. Оны мемлекеттік құрылымдар мен жеке сектор кеңінен қолданады.

Хакерлер Orion бағдарламалық жасақтамасынан бөлек, желіге ену үшін басқа әдістерді де қолданған делінін отыр.


Соңғы жаңалықтар