Байдарка мен каноеде есуден Әлем чемпионаты: Қазақстандықтар жартылай финалда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноеде есуден Әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Инни Клинова 200 метрге байдаркамен есуден жартылай финалға өтті. Ол өз тобында үшінші орын алды. Сергей Токарницкий 200 метрге байдаркамен есуден Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Сондай-ақ, каноемен 200 метрге жарысудан Тимур Хайбуллин жартылай финалда бақ сынайды. Ол іріктеу сынын өз тобындағы бірінші орынмен аяқтады.

Бүгін каноемен 1000 метрге жарысудан ағайынды Емельяновтар сынға түседі. Сонымен қатар, төрт адамдық байдаркамен есуден іріктеу кезеңі басталады.

Соңғы жаңалықтар