+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Байбек веложолдар не үшін керек дейтіндерге жауап берді

2017 жылғы 16 қараша 11:10
Бөлісіңіз:
Байбек веложолдар не үшін керек дейтіндерге  жауап берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда БҰҰ даму бағдарламасындағы «Тұрақты көлік» жобасының 6 жылда көрсеткен нəтижелері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында Алматы əкімі Бауыржан Байбек Тұрақты көлік жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

«Маған өкпелейтіндер көп. Неге велосипедшілердің аз екенін біле тұра, сонша веложол салдыңыздар дейді. Мен айтар едім. Алдымен жағдай жасау керек. Егер велосипедпен жүру қауіпсіз болмаса ешкім отырмайды. Алматы əкімдігі алған бағытынан қайтпайды. Өйткені бұл нəтижесін көрсетіп жатқан жоба»- деді əкім.

Қала басшысы ақылы тұрақтарға қатысты наразылықтан да хабардар екенін айтты.

«Адамдар ақылы тұрақтар не үшін деп айтады. Ертеңгі күні тура осы адамдар экология туралы дабыл қаға бастайды. Жаяу жүргінші жолдары, веложолдар ақылы тұрақтар барлығы қаланың экологиялық ахуалын жеңілдетуге бағытталған», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша қала əкімдігі Тұрақты көлік жобасын ары қарай жалғастыратын болады.

Əкім 6 жылда жеткен тиімді жетістіктер туралы да тілге тиек етті.

«Алматыда бірнеше жылда 10 аса жол айырығы салынды. Оған 3 млрд теңге жұмсалды. БАКАД жолы 40-60 мың көлікті азайтады. 1-ЖЭС газға көшті. Келесі жылы «Самұрық Энерго» АҚ 7 млрд теңге салады. Осының арқасында ауаға тарайтын зиянды заттарды 9 пайызға азайтуға болады. БҰҰ Даму бағдарламасының ұсынысымен жолаушылар тасымалы нарығын көлеңкелі экономикадан шығардық. 20 тасымалдаушы мүлде табыс жоқ деп шағым айтатын. «Оңай» арқылы нарық көлемі 21 млрд теңге екенін анықтадық. Бюджетке ашық бизнестен таза салық түсе бастады. Ал кəсіпорындардың өздері автобус сатып алуда»,- деді əкім.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел Алматының көлік саласындағы өзгерістердің экологияға ықпалы қандай болатынын айтты.

«Егер Алматыда Тұрақты көлік жобасы осылай жалғаса беретін болса атмосфераға тікелей зиянды заттар 500 млн тоннаға, жанама зиянды заттар 1 млн тоннаға қысқарады»,- деді Мунхтуя Алтангерел.

Оның айтуынша, қазір Тұрақты көлік жобасы жайлы Шымкент пен Теміртау қалалары қызығушылық білдіріп отыр.

Айта кету керек, Тұрақты көлік жобасын Алматы əкімдігі 2011 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Негізгі мақсат қаладағы көліктердің ауаға зиянды зат бөлуін шектеу арқылы экологиялық ахуалын жақсарту болып табылады.

Алматы тұрақты көлік жобасы аясында қоғамдық көлік саласына қатысты заң жобасы өзгеріп БРТ жəне ЛРТ жобалары жасалды, 10 шақырымдай веложол жасалды. Автобустардың 44 пайызы газға көшті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT