Байбек трамвай депосын не үшін жапқанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуінде трамвай депосы не үшін жабылғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің кездесуінде аға буын өкілдері Алматы депосының не үшін жабылғанын және жеңіл рельсті травмай (ЖРТ) жолдары қашан салынатынын сұрады.

«Мен өзім алматылықпын, ұзақ уақыт травмай жолы өтетін көшедегі үйде тұрдым. Тиімді, дүрсілі көп көлік. Пәтерімізге келгенде трамвайдың дірілінен жер сілкінген шығар деп ойлайтынбыз. Ол кезде бізде барлығы 16 трамвай болатын. Бірнеше даулы оқиға болды, абырой болғанда ешкім қаза тапқан жоқ. Әбден тозығы жеткен. Бұған дейін ешкім инвестиция салмаған. Біз оған қаржы құйсақ, көп ақша жұмсайтынымызды есептедік. Сондықтан, Шевченко мен Қонаев көшелеріндегі рельстерді алып тастадық»,-деді шаһар басшысы.

Оның сөзінше, осыдан соң қаладағы көлік қозғалысы 15 пайызға жақсарған.

«Төле би көшесіндегі рельстерді алмаймыз, себебі ол рельспен ЖРТ өтеді. ЖРТ жобасына 123 млрд теңге қажет. Негізі, бұл - әлемдегі ең тиімді жобалардың бірі. Метродан арзан, автобустан қымбат. Бірақ, ЖРТ - экологиялық таза көлік түрі. ЖРТ жолы Көк базардан басталып, Алматы аренаға дейін барады. Төле би көшесі негізгі - күре жолы. Биыл жылдың соңында біліктілікке дейінгі кезеңі өтеді сосын ол жобаны жүзеге асыруды бастаймыз. Валюта тәуекелдеріне байланысты өте күрделі жоба. Себебі, біздің Қазақстанда трамвай шығарылмайды»,- деді Байбек.

фото: www.qamshy.kz

Соңғы жаңалықтар