Байбек алматылықтардың саны 3 миллионға қашан жететінін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халқы жылына 50 мың адамға артып келеді. Бұл туралы бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыдағы өмір сүру сапасының жоғарылығы адамдарды осында көшіп келуге ынталандырады. Жыл сайын қала халқы 50 мың адамға артып келеді. 15 жылда Алматы халқы 3 миллионға жетіп қалады», - деді әкім.

Шаһар басшысы олардың әлеуметтік жағдайын жасауды, жұмыспен қамту мәселесін шешуді басты назарға алып отыр.

«Бізге экономиканы қайта құрылымдау керек. 700 мың жаңа жұмыс орны керек. Көптеген сауда желілері функцияларын автоматтандырып жатыр. Адамдардың көпшілігінде жұмыс тапшылығы болады. Адамдар сонда қайда барады? Оларды оқыту жолдарын ойлану керек», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар