Байбек: Алматылықтар жақсы жолмен күзде емес, жазда жүруі тиіс

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жолдар мен тротуарларды алдағы жөндеу жұмыстарына қатысты көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, көктем келісімен орталық даңғылдарда және аудандық маңыздағы көшелерде шұңқырлардың, ашық құдықтардың көптігі жайлы шағымдар түсе бастаған.

«Тұрғындар жақсы жолмен күзде емес, жазда жүруі керек. Сондықтан, орташа жөндеу жүргізген кезде әр учаскені мерзімдерге бөлу керек. Ағымдағы жөндеу бойынша ұзақмерзімді келісімшарттар жасалды. Яғни, компаниялар заманауи техника сатып алуға ақша салуы керек. Мердігерлер мерзімінен кешіктірсе, айыппұл салынуы тиіс. Аудан әкімдері өздері жеке әр учаскеге барып, заңсыз құрылыс нысандарын сүруге барынша атсалысуы қажет», - деді Бауыржан Байбек.

Қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың сөзіне сенсек, ауа райы қолайлы болған жағдайда магистральды көшелерді ағымдағы жөндеу небәрі 10-ақ күнге созылады.

Биыл ұзындығы 111 шақырым болатын 120 көше жөнделеді. Бұдан бөлек, 10 шағын ауданда 100 шақырым көше салынады.

Ішіне түсіп кеткен люктердің мәселесі бойынша қазір мердігер ұйымдар қосымша техника сатып алуда.

Сондай-ақ мәлім болғандай, орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары аясында ескі жиектастар мен арық астаулары қаланың шеткі аудандарындағы көшелерді жөндеуге қайта пайдаланылатын болады.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі әр құрылыс нысанына жауапты ұйымдар туралы ақпараттық стенд орнатуды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар