Баянғали Әлімжановқа Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілуі мүмкін

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның мемлекет қайраткерлері мен ақсақалдары Қазақстан мәдениет қайраткері, ақын, манасшы Баянғали Әлімжановқа Қырғыз Республикасының мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Бішкекте өткен Қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумында Баянғали Әлімжанов «Манас» жырынан үзінді айтқан болатын. Форумға жиналған қырғыз елінің зиялы қауымы ақынның өнеріне тәнті болып, қошемет көрсетті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған форум ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз еліне мемлекеттік сапары қарсаңында өтті.

Айта кетейік, «Бекем бауырластық байланыстар» тақырыбындағы осы форумда ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев қазақ пен қырғызға ортақ тұлғалар туралы танымдық кітаптар шығарып, фильмдер түсіруге шақырды.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының басқосуы аса қажет екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар