Баянауылдық тұрғын туристерге қоян етін жеңсік ас ретінде ұсынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданының Қаражар ауылында қояндар аулаларды еркін кезіп жүр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Жануарларды күтіп-бағумен жергілікті мектепте биология және химия пәнінің ұстазы болып жұмыс істейтін Салтанат Темірбаева отбасымен бірге айналысады.

- Бастапқыда жолдасымның ағасы бір аналық және аталық қоян сыйға тартқан, - дейді Салтанат Темірбаева. - Оның өзінің жеке фермасы бар. Сол жерде қоян өсірумен айналысады, бірақ иттер маза бермей қойған. Екі жылдың ішінде екі қоянның саны 37-ге дейін көбейді. Олардың жартысын өзіміз сойып жедік. Адам денсаулығы үшін қоян етінің пайдасы зор. Қазіргі күні барлығы 20 қоян қалды.


Ұстаздың айтуынша, жолдасы Нұрлан Сүлейменов мал қорасының ішінен жануарларға арнап жылы орын жасап берген. Дегенмен көбейетін кезде олар өздеріне ін қазып алып, көжектерін көздерін ашқанға дейін адамдарға көрсетпей жасырып қоятын көрінеді. Тіпті, қызғаныштан балаларын жеп қоятын кездері де болған. Жылына екі рет 8-9 көжектен береді.

- Тонына қарап олардың ересек және жас екенін ажыратуға болады, - дейді Салтанат Темірбаева. - Мысалы, ересек қояндардың мамығы қалың келеді. Балалармен бірге көкөністер - сәбіз, қырыққабат, шөп және жем береміз. Тамақтандыратын мезгілді біледі. Бірден жүгіріп келеді.


Салтанат Темірбаева болашақта Мырзашоқы тауында іске қосылған тау-шаңғы базасында ашылатын дәмханаға келетін туристерге қоян етін жеңсік ас ретінде ұсынуды көздеп отыр.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, биологиялық құнарлылығы өте жоғары қоян еті диеталық етке жатады. Сондықтан балалар мен қарт кісілердің ас мәзірінде міндетті түрде қоян еті болу керек. Бұл еттің колориясы өте төмен. Мысалы, 100 грамм етте 156 килоколорий болады. Пісіріп, қуырып, маринадтаған кезде де оның колориясы небәрі 176 килоколорийді құрайды.

Бұған қоса, қоян еті салмақ қостырмайды.

Соңғы жаңалықтар