+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Баянауылдағы өрт елді мекендерге қауіп төндірген жоқ – ҚР ТЖК

2019 жылғы 23 қыркүйек 12:39
Бөлісіңіз:
Баянауылдағы өрт елді мекендерге қауіп төндірген жоқ – ҚР ТЖК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынды тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Баянауыл тау-шаңғы кешені 5 мың турист қабылдай алады Қазақстандағы орман өртінің жартысына жуығы найзағайдан келеді – Беккер

«Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынға мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ТЖК «Қазавиақұтқару» қызметінің МИ-171 бортымен аралап шықты. Тікұшақпен аралау барысында орманды-дала өртінің тұрғылықты орындарға қауіп төндірмейтіні анықталды. Жағдай бақылауда», - деп хабарлайды ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.

Комитеттің хабарлауынша, шамамен өрт аумағы 93 гектар алқапты шарпыған.

«Өртті сөндіруге мемлекеттік органдардан, ұлттық парк пен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 500 адам мен 120 арнайы техника жұмылдырылды. Адам аяғы жетпейтін қиын тұстарды сөндіруге ҚР ТЖК-ның «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы жұмылдырылды», - деп хабарлайды комитеттен.

Еске сала кетсек, Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің ауыздықталғаны бүгін таңертең хабарланған болатын. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT