Баянауылда жас күйшілердің республикалық байқауы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баянауылда «Күй-Құдірет» II республикалық жас домбырашылар байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлы өнерді ұлықтап, сынға түскен жүйріктер үш топта өнер көрсетті. Әр қатысушы үш күйден орындады. Балғындардың өнерін елімізге танымал күйші-домбырашылар бағалады.

Қазылар алқасына ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті, өнер зерттеушісі Мұрат Әбуғазы төрағалық етті. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында күйші, зерттеуші Рүстем Нүркенов, Қазақ Ұлттық өнер университенің музыкатану мамандығы бойынша PһD докторанты Айтолқын Тоқтаған, қоғам қайраткері, өнер жанашыры Қорабай Шәкіров, Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің халық аспаптар бөлімнің меңгерушісі Ернат Мотышев болды.

Байқаудың қорытынды кезеңінде Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов өнерпаздарға алғысын білдірді.

«Биыл Астана қаласының 20 жылдығымен бірге тарих тұнған байырғы мекен Павлодар облысының - 80, Баянауыл ауданының 90 жылдық мерейтойлары. Осынау мерейтойлармен шаттанған көңіліміз - өздеріңіз бас қосқан күй мерекесімен қайта шарықтап тұр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «... ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды...», - деп атап өтті. Сондықтан Ұлттық мәдениет -  өнерімізге, тарихымызға, әдебиетімізге тоғысып жатыр. Қасиетті домбыраның шанағынан күй төккен жас күйшілер өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді өз атымнан және аудан халқы атынан құттықтаймын!», - деді аудан басшысы.

null

Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің оқушысы Данагүл Баркен байқаудың «Бас жүлдесін» жеңіп алды.

«Кіші топта» үздік атанған Жамбыл облысынан келген Бақдәулет Жанатбекке, «Орта топта» оза шапқан астаналық Амалбек Омарбековке, «Жоғары топта» жарқылдаған Ақмола облысының тумасы Диас Орынбасарға бірінші орын жүлдесі тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар