Баянауылда таудан құлаған бала комада жатыр
Демалыста зардап шеккен баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтып берді.
«Бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ол комада жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Омыртқасына зақым келмеген. Қазіргі таңда компьютерлік томографиядан өтуде», - деді ведомстводан.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тоғыз жасар бала құлап кеткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
«Аса жоғары биіктіктен құламаған, төменгі құлаған жерде тастар болған. Ұл бала ата-анасынан бұрын алға қарай жүгіріп кетіп, жоғары көтерілген кезде тепе-теңдікті ұстай алмаған. Дәл қай жерде құлағанын білмеймін. Сол жерде болған жігіт көмектеспек болып баланы көтерген. Мұндай жағдайда олай әрекет етуге мүлдем болмайды», - деген болатын туризм бойынша нұсқаушы Марина Каримова.