Баянауылда мектеп жылыжайындағы көкөністер пісіп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қараша айында Ш.Айманов атындағы мектептің жылыжайында алғаш рет қияр мен қызанақ отырғызылған болатын. Бүгінде сол көкөніс пісті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Білім ордасының басшысы Салтанат Досмағамбетованың айтуынша, бүгінгі күні «миринда» сұрыпты 12 келі қияр алынған. Израильдік тамшылатып суару әдісін қолданудың нәтижесінде бір сағаттың ішінде өсімдіктің тамырына екі литрдей су барады және мұндай тәсіл суды үнемдеуге мүмкіндік береді.null

«Жылыжай 2010 жылы мектептің іргетасы қаланғанда салынған, - дейді Салтанат Досмағамбетова. - Бастапқыда температураның өте жоғары, ыстық болуына байланысты көкөністер қурап кете беретін. Өткен жылы күзде мектепке келген тәжірибесі мол биолог Қарлығаш Смағұлова жылыжайдағы артық батарейлерді алып тастап, ретке келтіруді ұсынды. Бұдан кейін тәжірибе негізінде қызылша мен қияр отырғыздық».

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында 8-сынып оқушысы Бахтияр Молганжанов жылыжайда жұмыс істеуге ниет білдірген.

«Мұндағы басты мақсат - балаларды кәсіпкерлікпен айналысуға үйрету, еңбекке баулу, - дейді мектеп директоры. - Бұл көкөністер жарықты көп қажет етеді. Басында тәулік бойы жарық жанып тұратын. Кейін тек түнгі мезгілде ғана жарық қосу керек екенін білдік. Сондай-ақ, түрлі ауруларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мамыр айына дейін бақылау жасап көреміз. Біздің негізгі тұтынушыларымыз - ұстаздар. Саудадан түскен қаражатқа тұқым мен тыңайтқыштарға жұмсалған шығын өтеледі және артылған қаражат баланың еңбегіне төленеді».null

Болашақта аумағы 12х5 метрді құрайтын жылыжайды кеңейтуге қаржы табылған жағдайда басқа да көкөністер мен жемістерді отырғызу жоспарда бар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аталмыш білім ордасында 446 бала білім алып жүр.

Соңғы жаңалықтар