Баянауылда Мәшһүр Жүсіптің өзі жазған қолжазбалары көрсетілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданына Ұлттық ғылым академиясының қорынан ойшыл, философ, жазушы Мәшһүр Жүсіптің өз қолынан шыққан құжаттары жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

 Алматыдан әкелінген жазбалар Мәшһүр Жүсіптің музейі мен Ескелді шатқалында қойылды. Жұртшылық назарына сирек кездесетін 14 құжат көрсетілді. 

«Мәшһүр Жүсіптің еңбектері бар кітаптардың кейбірі жазушының көзі тірі кезінде жарық көрген. Бұл кітаптар өткен ғасырдың басы мен ортасында тіркелген»,- дейді Ұлттық ғылым академиясы орталық кітапханасының қызметкері Гүлшат Әбікова.

 null Музейде өткен көрмеге жазушының ұрпақтары да қатысты. Олардың арасында өзінің ұлы бабасының ісін жалғастырып жүргендер де бар. - Мәшһүр Жүсіп өз жазбаларында ескі араб жазбасын қолданған, - дейді жазушының шөбересі Нартай Жүсіпов. - Қазақстанда бұл кітаптарды аударатын адамдар өте аз. Мен он жасымнан осы жазбаны меңгере бастағанмын және өмір бойы атамыздың қолжазбаларын аударумен айналысып келемін. Оның кейбіреулері 500-600 беттен тұрады».  

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Араб және парсы тілдерін жетік меңгергенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысқан. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсаған. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады. 

Фото: pavlodarnews.kz

Соңғы жаңалықтар