+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Баянауылда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті

2019 жылғы 15 қазан 09:58
Бөлісіңіз:
Баянауылда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданында геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар  Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакльді тамашалады Түлкібаста жергілікті ақын мен жазушының кітаптары жарық көрді Елордада «Әбіш әлемі» атты шығармашылық байқау өтеді

Баянауыл аудандық әкімдігі ұйымдастырған жыр додасына 20-дан астам ақын қатысты. - Мүшәйраның мақсаты – ұлт тарихына, қазақ ғылымына, өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға Қаныш Сәтбаевтың адамдық болмысы мен елеулі еңбегін насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу, - деді әкімдікте. – Мүшәйра ережесі бойынша 16-35 жас аралығындағы ақындар үш өлең жолдауы керек болды. Бірінші өлең Қаныш Сәтбаевқа арналса, екінші өлең - Баянауыл туралы және үшінші өлең елдік, ерлік, өрлік тақырыбындағы патриоттық өлең болуы тиіс. Екі айға жалғасқан жыр бәйгесіне ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қаныш Сәтбаев туралы естеліктер топтастырылған «Заңғар» кітабының құрастырушысы, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры Арман Қани және ақын, «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбіш қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге қарағандылық Жәнібек Әлиман ие болды. Бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Олжас Қасым еншілесе, екінші орынға Балқаш қаласынан Айдын Байыс пен түркістандық Мұқағали Кенжетайұлы лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орын Шығыс Қазақстаннан Серікжан Қажытайға, баянауылдық Жоламан Әйткен және Баянауыл ауданы Шоманкөл ауылынан Мұсабек Сейсенбекұлына бұйырды. Сонымен қатар, екібастұздық Рауан Қайдар облыстық «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының арнайы жүлдесін, Ертіс ауданынан Бақберген Дариғаұлы аудандық «Баянтау» газетінің арнайы жүлдесін еншіледі. Қатысушылар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды.


Мүшәйра қатысушылары академик Қ.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайында сақталған құнды жәдігерлермен танысып, баянауылдық оқырмандармен кездесті. Баянауыл ауылындағы «Даналар даңқы» аллеясына саяхат жасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT