Баянауылда екі баланы құтқарған екі ер адам суға батып кетті
2022 жылғы 24 маусым 10:20

Баянауылда екі баланы құтқарған екі ер адам суға батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында екі баланы құтқарған екі ер адам өздері суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, отбасылар Қарағанды облысынан демалуға келген.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні сағат 15:52-де Павлодар облысының «112» пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылындағы Торайғыр көлінде ер адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, 14 жастағы қыз бен 9 жасар ұл баланы құтқару кезінде олардың әкелері ( 44 және 36 жаста болған) көз жұмды.

Адамдар жабдықталмаған жерде шомылғаны айтылып отыр.

Балалар жедел медициналық жәрдеммен Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары тұрақты.

Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері ер адамдардың денесін іздеуге сағат 19:00-де кірісіп, сағат 19.39-да судан алып шықты.
«Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушысы, 1 техникасы, 1 жүзу құралы,«102»,«103» қызметтері жұмылдырылды», - деді департаменттен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT