+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Баянауылда биыл 5 мыңнан аса турист демалды

2020 жылғы 24 қыркүйек 20:58
Бөлісіңіз:
Баянауылда биыл 5 мыңнан аса турист демалды

ПАВЛОЛАР. ҚазАқпарат –Туристер үшін Баянауыл демалыс аймағында орналасқан 29 демалыс үйі, 17 тамақтану пункті және сауда нүктелері жұмыс жасады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн режимде өткізген баспасөз конференциясында аудан әкімі Қанат Кәрімов мәлім етті.

1 ТОП-10 туристік аймақтар қатарына енген Баянауыл демалыс аймағында биылғы жаз маусымында 5515 турист келді. Атап айтсақ, Жасыбай демалыс аймағы карантинге жабылғанға дейінгі уақытта 1765 демалушы болса, 14 тамыздан 20 қыркүйекке дейін 3750 адам демалды, - дейді Қанат Кәрімов.


Аудан әкімінің айтуынша, туристік нысандарға баратын жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Қоңыр Әулие үңгіріне апаратын жолдың сегіз шақырымына орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Жолдың үсті тегістеліп, 9 су ағар мен 9 құбыр салынып, екі жерден көлік тұрақтары дайындалған және жол бойында шақырымдық белгілер орнатылды.
«16,6 км Торайғыр ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автожол 503,7 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Сонымен қатар, Сабындыкөл көліне дейінгі кіреберіс жолдарға 0,68 км орташа жөдеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны - 20,8 млн теңге, - дейді Қанат Кәрімов .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT