Баянауыл туристер үшін 16 маусымнан бастап жабылады

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов әлеуметтік желіде аудан тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай режимін алып тастағанына қарамастан, біздің облыстағы эпидемиологиялық жағдай да өзекті болып қалуда. Өзіміз бен айналадағы адамдарды коронавирустан сақтау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керек, - дейді Қанат Кәрімов.


«Баянауыл ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 16 маусым сағат 00-ден бастап Баянауыл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл демалыс аймағының барлық демалыс үйлері мен жағажайлары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жабылды. Бұл - бірінші кезекте өзіміздің амандығымыз үшін өте маңызды», деп толықтырды әкім.


Соңғы жаңалықтар