Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында өрт шықты

None
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тілсіз жау жол бойында отқа оранған КамАздан тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Өрт туралы 16:39-да хабарлама келіп түсті. Онда Баянауыл-Қарағанды автожолының бойында КамАз автокөлігінен от шыққаны туралы айтылды. Оқиға орнына 4 қызметкер мен бір өрт сөндіру техникасы шықты», - делінген хабарламада.

Төтеншеліктер оқиға орнына жеткенде жалын Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің аумағына өтіп үлгерген. Онда ұлттық парктің жалпы аумағы 0,22 га жері отқа оранған. Мұнда құрғақ шөп пен ағаштар жанған.

Ал жүк көлігінің кабинасы жанып кеткен. Оқиға орнына қосымша тағы бір өрт сөндіру техникасы жіберілді. Жалын сағат 17:20 ауыздықталды.

Айта кетелік, өртті сөндіруге ұлттық парктің 15 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда келтірілген шығын мен себебі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар