Баянауыл курорттық аймағындағы әуежай құрылысы аяқталуға жақын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағындағы әуежай құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

«Тартылған инвестициялар есебінен ұзындығы 1200 м және ені 21 м болатын ұшу-қону жолағы салынды. Сондай-ақ, жуық арада жолаққа шығу жолдары мен перон салынып, электрмен қамтамасыз ету нысандарының және аэродромның қоршау жұмыстары аяқталады. Жолаушылардың жайлылығы үшін ауданы 200 шаршы метр ғимарат салынған. Тікұшақтың қонуына арналған екі алаң дайындалды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қазіргі уақытта «Қазаэронавигация» РМК-ның мамандары Баянауыл аэродромына ұшуды бақылаудың мобильді орталығын орнату бойынша жұмыстарды жүргізуде. Метеорологиялық жабдықтарды, радионавигациялық құралдарды және байланыс жүйелерін орнату шаралары да қарастырылған.

Бұған дейін хабарланғандай, келесі туристік маусымда Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу жоспарланып отыр. Жоғарыда көрсетілген бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану көзделініп отыр. 

Соңғы жаңалықтар