Баянауыл ауданындағы өрттің таралу қаупі жоқ – Владимир Беккер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Баянауыл ауданындағы өрт жағдайының ахуалын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Баянауыл ауданында табиғи өрттің бес ошағы сөнбей жатқан еді. Ең ірісі – Баянауыл ұлттық табиғи паркінде болды. Бүгін таңертең сағат сегізде маған өрт ошағының тек екеуі қалғанын баяндады. Кеше қанша аумақтың өртеніп жатқаны туралы ақпарат көп болғанымен, бүгін тікұшақпен төбеден қарағаннан кейін 93 га аумақтың өртеніп жатқаны расталды. Арнайы комиссия өрт аумағынының нақты қаншалықты екенін анықтайды», - деді Владимир Беккер елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айуынша, өрт белгілі бір аумақты алып кеткен. Алайда оның таралу қаупі жоқ.

«Сол өртенген аумақтың ішінде жеке ұсақ ошақтар бар. Ол жерге техника жете алмайды. Ол өрттерді тікұшақпен сөндіруге тырысудың қажеті жоқ. Өрт сөндірушілер жаяу 20 литрлік суды алып барып, тілсіз жаумен күресіп жатыр. Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің ауыздықталғаны бүгін таңертең хабарланған болатын. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Одан бөлек, оқиға орнына шақырылған өрт сөндірушілердің жартысын қайтарып жібердік. Себебі, олардың бәрін жұмылдыру қажет емес. Сондықтан, өрт сөндірушілер жетпей жатыр екен деген әңгіме негізсіз», - деді ол.

Еске сала кетсек, Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің ауыздықталғаны бүгін таңертең хабарланған болатын. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынды тікұшақпен аралап шықты. ТЖК бұған дейін Баянауылдағы өрт елді мекендерге қауіп төндіргенін жария еткен.


Соңғы жаңалықтар