+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Баян-Өлгей қазағы бодибилдингтен «Моңғол мистері» атанды

2020 жылғы 28 қазан 14:38
Бөлісіңіз:
Баян-Өлгей қазағы бодибилдингтен «Моңғол мистері» атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Серік Қажатұлы есімді Баян-Өлгей аймағында туған қандасымыз бодибилдингтен «Моңғол мистері» чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әскерилер арасындағы ӘЧ: Қазақстандықтар 3 «алтын» алды Елорда маңында атпен серуендеуге арналған соқпақ жол салынды Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Сибирьден» басым түсті

Баян-Өлгей аймағының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Серік Қажатұлы Моңғолия астанасындағы Ұлан-Батыр қаласында ұйымдастырылған «Моңғол мистері – 2020» атты ел чемпионатына қатысқан.

Ол 75 келі салмақта жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленген. Сондай-ақ бодибилдингтен Баян-Өлгей аймағынан шыққан алғашқы «Моңғол мистері» атанып отыр.

Серік Қажатұлы 1984 жылы туған. Моңғолия астанасы Ұлан-батырда тұрады.

Айта кетсек, Моңғолияда спорттық жетістікке жетіп жүрген қандас спортшылар баршылық. Осы жылдың басында дзюдодан Орхон аймағында өткен Моңғолия чемпионатында 100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы екінші мәрте ел чемпионы атанған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT