Баян Мақсатқызы жаңа кітабына ерекше атау іздеп жатыр
2017 жылғы 27 сәуір 16:27

Баян Мақсатқызы жаңа кітабына ерекше атау іздеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы жарыққа шыққалы отырған алғашқы кітабына ұтымды атау табу үшін әлеуметтік желіде байқау жариялады.

«Достар, жақында менің кітабым жарыққа шығады. Тек бір мәселе, оны қалай атарымды білмеймін. Сіздердің нұсқаларыңыз қандай? Көңілімнен шыққан атау авторын жеке қолтаңбаммен тұсаукесерге шақырамын және бірге түскен фотомызды парақшамда жариялаймын», - деп жазды продюсер өзінің Инстаграм парақшасына.

Өз кезегінде желі қолданушылары бір сағатта «Кеш келген махаббат», «Судьба по имени Баян», «Өмір белестері», «Нежелезная леди», «Ақ Баян», «Зеркало моей души», «Степная ласточка» сынды бес мыңға жуық атау ұсынып үлгерді.

Өткен жылы күзде Баян Мақсатқызы автобиографиялық кітап жазып жатқанын мәлім етті. Ол әлеуметтік желіге өзінің жас кезіндегі фотосын жүктеп, астына: «Ол кезде мені не күтіп тұрғанын білмедім. Аңқау, таза әрі мейірімді қыз - Баян. Қазір сен кімсің? Неден өттің, не білесің, қолыңнан не келеді, ойыңда не бар? Сіздермен көп нәрсемен бөліскім келді. Жақында кітап шығады. Сіздермен бөлісерім бар...», - деп жазды.

Jańalyqtar

MURAǴAT