USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсірмек

2016 жылғы 3 қазан 19:11
Бөлісіңіз:
Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баян Мақсатқызы (бұрын. Есентаева) жазда болған оқиғадан кейін біртіндеп қалпына келіп, жұмысқа кірісуде.

Продюсер жаңа фильм түсіруді жоспарлауда.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Менің келесі фильмімнің идеясы өте қызықты болғалы тұр...», - деп жазды ол.

Көптеген жанкүйерлер бұл жаңалықты қуана қабылдап, жаңа туындыны асыға күтетіндерін жеткізді.

Айта кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған үш сағаттық операция жасалды. Ол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болатын. Ал, Баянды ауыр соққыға жыққан күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы 18 қазан күні Талдықорған қаласында өтеді. Процесс жабық режимде өтуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Өнер  
Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT