+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Баян Мақсатқызы сот отырысына келді

2016 жылғы 18 қазан 16:14
Бөлісіңіз:
Баян Мақсатқызы сот отырысына келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Баян Мақсатқызы (Есентаева) сотқа қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жабық режимдегі сот отырысына қызы Айсəуле, сіңлісі танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова да келді.

Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Түске дейін алқа би мүшелері анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT