Баян Мақсатқызы Ата заңның 26-бабына қатысты Президент ұсынысына пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Продюсер Баян Мақсатқызы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Конституциясының 26-бабын бұрынғы редакцияда қалдыру туралы ұсынысына пікір білдірді.

«Ата заңымыз - Конституциядағы өзгерістер қоғамымызда қызу талқыға түскені баршамызға белгілі. Мені - Нұр Отан партиясының мүшесі және еліміздің азаматшасы ретінде жер мәселесі алаңдатпай қоймады. Бүгін Конституцияның 26-бабы бойынша Президенттің халықты жақтағанын, сондай-ақ өзінің өкілеттігін қысқартқанын жаңалықтардан оқып, қуанып қалдым.  Мемлекет басшысы өзінің 35 өкілеттігін Үкімет пен Парламентке берді. Енді, біздің министрлер мен депутаттардың жұмысын көретін боламыз! Жарайсыз, Нұрсұлтан Әбішұлы!», - деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram-дағы өзінің парақшасына.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын бұрынғы қалпында қалдыруды ұсынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар