+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Баян Мақсатқызы: Әрқайсымыз өз жазамызды алдық

2016 жылғы 3 қараша 22:06
Бөлісіңіз:
Баян Мақсатқызы: Әрқайсымыз өз жазамызды алдық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баян Мақсатқызы Инстаграмда өзінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты бүгінгі сот үкіміне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, сот Есентаевты 9 жылға қатаң режімдегі түрмеге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

«Мен кешіргенмен, заң жұмсақтық танытпады. Өмір, біздің тағдырымыз, оның, менің және біздің тағдырымыз осындай болды. Орын алған жайт, бір-бірімізді түсіне алмауымыз, балаларымыздың көз жасы, жіберген қателіктеріміз, ойланбаған шешімдеріміз менің жаныма ауыр тиюде. Сынға әсіре назар аударуға, қоғамдық пікірге баяғыда-ақ үйренгенмін. Ол әр уақытта да бір-біріне қарама-қайшы еді. Біздің де қарапайым адам екендігімізді, біздің әрқайсымыздың да қателікке бой алдыруға құқығымыз бар екендігін ешкім де түсіне алмас», - деп жазады ол.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы Бақытбек Есенбаевтың қыздары үшін жақсы әке болғандығын атап өте келе заңның аты заң екендігіне айрықша назар аударған.

«Әзірше, мен мұның өмірімде орын алған қателік пе екендігін білмеймін. Мұны уақыт көрсетер. Жүректің де ақылға көнбес өз әмірі бар. Екеуіміз үшін де жағдай осылай өрбіді. Біздің әрқайсымыз өз жазамызды алдық. Заң бәріне де бірдей. Бірге өткізген 22 жыл әрине барлықтарыңыздағыдай әртүрлі, жақсы да, жаманы да болды. Оның жақсы әке екендігін нық сеніммен айта аламын. Маған балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай болмас. Бірақ, менің барлығына да шамам жетеді. Мен еш уақытта да өзімді құрбан жанның рөлінде есептеген емеспін. Бірақ, бұл менің тағдырым. Менің бұрынғы жұбайымның тағдыры осымен түгеспегендігіне де сенімдімін. Ол өте мықты адам. Мен оған тек денсаулық, шыдамдылық тілеймін. Алда жақсы өмірдің боларына да сенім бар. Мен барлығын да айттым, БАҚ өкілдеріне ендігі уақытта бұл мәселеге байланысты мені алаңдатпауын сұраймын», - деді Баян Мақсатқызы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT