+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі түрмеге түсті

2017 жылғы 7 ақпан 09:01
Бөлісіңіз:
Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі түрмеге түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақытбек Есентаев Алматы облысының Заречный ауылындағы қатаң тәртіптегі колониясына жеткізілді.

2016 жылдың 3 қарашасы күні сот танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бақытбек Есентаев Баянның бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданбау жөніндегі өтінішіне қарамастан сот шешімімен нақты мерзімге қамауға алынды.

«Бақытбек Есентаевты Алматы облысының Заречный ауылындағы қатаң тәртіптегі ЛА-155/8 колониясына жіберді. Бұған дейін Есентаев Алматы қаласының тергеу изоляторында отырған болатын»,-деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 маусым күні әбден соққыға жығылып, пышақтан дене жарақатын алған танымал продюсер Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT