+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Баян Есентаева Мальдив аралдарында сүйіктісімен демалып жүр

2017 жылғы 24 ақпан 11:19
Бөлісіңіз:
Баян Есентаева Мальдив аралдарында сүйіктісімен демалып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен Мальдив аралдарында демалып жүрген қазақстандық продюсер Баян Есентаева оқырмандарына қалай өмір сүруді үйретпеңдер деп назын білдірді.

«Қалай өмір сүруді үйретпеңіздерші, өтінемін. Сіздердің уағыздарыңызға, ашу-ыза мен өзге де жағымсыз сөздеріңізге мұқтаж емеспін. Маңдайға жазылғаны сіздер араласпай-ақ, болып қойған. Сіздердің де тағдырларыңызға менің еш қатысым жоқ», - деп жазды продюсер Instagram желісіне.
null

Сонымен бірге, Баян жарияланымға пікір қалдыру қызметін өшірді және жазбасын былай деп толықтырды: «Бір-бірімізге құрметпен қарауды үйренбейінше, арамыздағы бір жақты байланыс өзгермейді. Көптеген оқырмандарымның мәдениеті мен тәрбиесі көңіл көншітерлік емес. Ал менің өмірім тоқтап қалған жоқ, дәл қазір ең ғажап жерде жұмыс істеп, шығармашылықпен айналысып, сүюді жалғастырудамын».
null

Одан кейін Баян Есентаева сүйіктісімен бірге түскен суретін жариялап, «Бүкіл әлем қарсы болса да, сүй», - деген романтикалық жазба қалдырды.
null

Еске сала кетсек, Баян Есентаева сотқа бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қарау туралы өтініш берді. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйеліне бірнеше жерінен пышақ жарақатын салған Бақытбек Есентаевқа қатаң режімдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT