+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Баян да, балалары да Бақытбек Есентаевтың сотына қатыспады

2016 жылғы 3 қараша 15:15
Бөлісіңіз:
Баян да, балалары да Бақытбек Есентаевтың сотына қатыспады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бақытбек Есентаевқа сот үкім шығарып 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бірақ, соңғы сот отырысына Бақытбек Есентаевтың қыздары да, Баян Мақсатқызы да келмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір қорғаушылар Бақытбек Есентаевқа тағылған айыппен келіспейміз деп отыр. Енді олар аппеляциялық шағым түсірмек. Бақытбек Есентаев адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылған. Алайда, тағайындалған жазамен оның қорғаушылары түбегейлі келіспейді.

«Бақытбек егер өлтіремін десе, онда уақыт та болды. Бірақ ол өлтірмеді. Бұл айып дұрыс емес. Сондықтан біз істі бұлай қалдырмаймыз. Қайта шағымданамыз», - деді Бақытбектің қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Баян Есентаеваның да қорғаушысы Марат Асқарбеков сот тым қатал жаза тағайындады, 9 жыл деген өте көп деп отыр. Және өзінің аталған соттан кейін көңіл-күйі жоқ екенін журналистерге жеткізді.

Айта кету керек, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы биыл 10 маусымда бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT