Бауыржан Серікбаев: Экономиканың дамуы – елдегі күре жолдардың сапасына байланысты

None
«Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында қоғамда көтеріліп келе жатқан маңызды мәселелерді атап өтті. Соның ішінде Мемлекет басшысы жол мәселесіне аса көңіл бөлді. Оның ішінде ауданаралық, ауыларалық жолдар да бар. Әсіресе, ауылдарды байланыстыратын жолдардың сапасы көңіл көншітпейді. Ал, экономиканың дамуы – осы күре жолдардың сапасына байланысты. Еліміз үшін өте өзекті деп ойлаймын.

Халықты толғандырып отырған екінші мәселе – бағаның өсуі. Мемлекет басшысы осыған байланысты Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Аталған мәселелерді Үкімет назарға алды, алдағы уақытта жедел шаралар қабылдайды деп ойлаймын.

Президент жүктеген тапсырмалар ішкі саясаттың тұрақты болуы мен экономиканың дамуына тікелей септігін тигізеді. Себебі - азық-түлік әлеуметтің ең өзекті мәселесі. Жалпы бағаның көтерілуі әлемде болып жатқан процесс. Ол санкциялар мен геосаяси жағдайға байланысты болып отыр. Сондықтан Президент тапсырмасына сай, қолжетімді баға сақталатын болса, онда ол халықтың әлеуметтік жағдайына оң әсер етеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жастар саясатына қатысты айтқан бастамалары орынды. Мемлекетіміздегі халықтың басым бөлігі жастардан құралады. Мәселен, қазір бұл салада оқуға түсу, жұмыспен және баспанамен қамту мәселелері бар. Биыл жоғары оқу орындарына гранттар көп бөлініп жатыр. Оның көбі техникалық мамандарға қарастырылған. Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта да жастарды қолдау мақсатында жұмыс жалғасады деп ойлаймын».

Бауыржан Серікбаев - саясаттанушы


Фото: facebook.com/bauyrzhan.serikbayev

Соңғы жаңалықтар